Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараз тұрғынынан аса ірі мөлшерде героин табылды

45 жастағы Тараз тұрғынынан аса ірі мөлшерде героин табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Тараз қаласында есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен 45 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерінің Тараз қалалық прокуратураның бірлесуімен жүргізілді. Жеке тінту барысында күдіктінің киімінің қалтасынан 6 орам және үйін тінту кезінде тағы 10 орам – 1,065 грамм героин табылып, тәркіленді.

– Ұсталған адам өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді, – деді облыстық ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру