Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде көші-қон полицейлері банкке 1,3 млн теңге қарызы бар азаматты анықтады

Өскеменде көші-қон полицейлері банкке 1,3 млн теңге қарызы бар азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тамыз айында Өскемен қаласының көші-қон полицейлері «Банк ЦентрКредит» АҚ пайдасына 1,3 млн теңгеден асатын қарызы бар 50 жастағы ер адамды анықтаған. Іздестіру іс-шаралары барысында қызметкерлер борышкердің Өскемен қаласында екенін анықтады. Енді сот орындаушылары қарызды өндіріп алумен айналысатын болады .

Жыл басынан бері ШҚО Полиция департаменті 55-тен астам борышкерді анықтады.

Облыстық ПД көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік және ҚР ҚК-нің 139-бабы (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру