ШҚО-да жаңа жылыжай салынады: 30-ға жуық сотталған азамат жұмыспен қамтылмақ
ШҚО-да жаңа жылыжай ашылады. Онда 30-ға жуық сотталған азамат жұмыспен қамтылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысының түзеу мекемелерінде сотталғандардың 45 пайызға жуығы жұмыспен қамтылған.
ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлерінің айтуынша, сотталғандарды түзеу мен қылмыспен келтірілген залалды өтеудің негізгі құралдарының бірі – оларды жұмыспен қамту.
Колония аумағында бес жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкер Мұхит Кенебаев кәсіп ашудың бірнеше артықшылығын айтты.
– Коммуналдық төлемдерді қоспағанда, қымбат жұмыс күшін емес, жалға алусыз жұмыс істейді, түзеу мекемесі толыққанды күзетте болады, – деді ол.
Бұл ретте кәсіпкер тиімді шарттармен кәсібін дамытуды жалғастырып жатыр. Сондай-ақ ол Өскемендегі №17 мекеме базасында көлік жөндеу және құрылыс материалдарын шығару бойынша өндірістік орын ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар ол Шемонаиха қаласында жылыжай кешенін кеңейтуді де жоспарлап отыр.
– Бүгінде жылыжайды және жылу желілерін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аумағы 840 шаршы метрді құрайтын жылыжай ас шөбін және көкөніс өсіруге арналған. Онда 30-ға жуық сотталған жұмыспен қамтылады. Жаңадан өсірілген өнім облыстың базарлары мен дүкендеріне жеткізілетін болады, – деді ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкері Әсел Бажаева.
Жақында ҚР ІІМ ҚАЖД №18 мекемесінің базасында өз қызметін мекеме аумағында орналасқан шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің осы мекемеде өндірген дайын өнімдерінің: нан өнімдерін пісіру, көкөністер мен шөп өсіру, жұмсақ жиһаз, астау және ұлттық қолдан жасалған ыдыс-аяқ жасау, құрылыс материалдары (шлакоблоктар, құмблоктар, тротуарлар, бордюрлар), комбинезондарды тігу, жөндеу және көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету көрмесі ұйымдастырылған.