Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері алаяқтықпен телефон жымқырған күдіктілерді анықтады

Абай облысының полицейлері алаяқтықпен телефон жымқырған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының полицейлері “Hi Tech” ЖПІШ аясында қоңырау шалу сылтауымен телефонды сұрап, қолды қылып кетуге байланысты алаяқтық әрекеттері үшін алты адамды ұстап, полиция бөлімдеріне жеткізді.

1 тамызда “102” жедел арнасына облыс орталығының 44 жастағы тұрғыны арыз қалдырған. Айтуынша, белгісіз біреу қоңырау шалу сылтауымен телефон сұрап, қашып кеткен. Шығын көлемі 100 мың теңгені құраған. Қабылданған шаралар арқылы Бородулиха ауданының 19 жастағы тұрғыны ұсталған. Ұрланған зат тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды.

4 тамызда 48 жастағы азамат “102” жедел арнасына хабарласып, қоңырау шалу сылтауымен  телефонын иемденген бейтаныс адамға қатысты шара қабылдауды сұраған. Шығын – 380 мың теңге. Қабылданған шаралар нәтижесінде 51 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ұрланған зат тәркіленіп, жәбірленушіге табысталды.

10 тамызы күні сағат 17.00 шамасында 45 жастағы ер адам полицияға қоңырау шалып, белгісіз жас жігіттің Семей қаласындағы Орталық базарда болған кезінде белгісіз біреу телефонын дәл осы оқиғамен қолды қылғанын айтқан. Оның құны 120 мың теңгені құраған. Полиция қызметкерлері облыс орталығының бұрын сотталған 27 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Жас жігіт ұрланған телефонды қайтарып, кінәсін мойындады.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру