Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының тұрғыны кәріз құдығына құлап, мерт болды

Ақмола облысының тұрғыны кәріз құдығына құлап, мерт болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 тамыз Шортанды ауданындағы елді мекендердің бірінде 66 жастағы тұрғын кәріз жүйесіне құлап кетіп, көз жұмды. Жазатайым оқиға түнгі уақытта, үйдің ауласында болған.

Қарт адам туыстарына қонаққа келгені белгілі болды.

Қазіргі уақытта полиция бөлімі болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру