Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылған азамат көлік басқарған

Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылған азамат көлік басқарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы полиция басқармасы бастығының нұсқауына сәйкес, демалыс күндері полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс атқарды.19 тамыз күні сағат 23:10 шамасында қала көшелерін аралау уақытында полиция қызметкерлері құқық бұзушы Lexus автокөлігін тоқтатқан.

Құжаттарын тексеру барысында көлік тізгендеген 30 жастағы азамат сот шешімімен 2023 жылдың 19 маусымында ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен автокөлік басқару құқығынан айырылғандығы анықталды.Алайда ол тағы да заңды бұзып, көлік тізгіндеген.

Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 4-бөлігінің 1-тармағына сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылып, 20 тәулікке қамауға алынды. Автокөлік айып алаңына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру