Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қала сыртындағы тасжолдарда жылдамдық режимін тексеру үшін аппараттық кешен іске қосылады

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша бақылауды күшейту мақсатында ІІМ Автомобиль жолдары комитетімен және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, белгіленген жылдамдық режимін асырған автокөліктерді тіркеу үшін қала сыртындағы жолдарда камераларды пайдалану жөніндегі жүйені іске асырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 33 ZEREK-2 бағдарламалық-аппараттық кешені әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі жүйесімен интеграцияланған, яғни нұсқамаларды құқық бұзушыларға жіберу автоматты режимде жүзеге асырылатын болады.

Бүгінгі таңда ZEREK-2 Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Өзбекстан шекарасы, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Қонаев – Талдықорған және Астана – Павлодар автожолдарында жұмыс атқаруға дайын.

Осындай бағдарламалық кешен Көкшетау – Астана тасжолында бұрын іске қосылған болатын және жолдағы құқық бұзушылықтарды тіркеуде жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Жеті айда еліміздің жолдарында жеті мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 1200-ден астам адам қаза тауып, 8500-ге жуық адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Оның ішінде жылдамдық режимін сақтамау салдарынан қала сыртындағы трассаларда 730 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 300-ден астам адам қаза тауып, 1200-ден астам адам зардап шекті.

– Жоғарыда аталған жолдарда 25 тамыз сағат 00:00-ден бастап ZEREK-2 кешені штаттық режимде жұмыс атқаратын болады.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық жүргізушілерден жылдамдық режимін және автокөліктер арасындағы қашықтықты сақтауды сұраймыз.

Сіздің өміріңізден маңызды ештеңе жоқ! – деді Ақтоты Боранова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру