Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде синтетикалық есірткімен ұсталған азамат УҰИ-ға қамауға алынды

Ақтөбеде синтетикалық есірткімен ұсталған азамат УҰИ-ға қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2023» ЖПІШ аясында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Ақтөбе қаласы Т.Рысқұлов көшесі бойында 27 жастағы ер адамды ұстады.

Оны жеке тінту және тұрғылықты жері бойынша тінту барысында ішіне кристалл тәрізді заттары бар зип-пакеттер салынған 3 полиэтилен пакет пен электрондық таразы табылды және тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар салмағы шамамен 1,2 келі синтетикалық есірткі заты болып шықты.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі және 297-бөлігі 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталды және Ақтөбе қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Заңнамада есірткі құралдарын сатқаны үшін мүлкі тәркілене отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру