Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер жанармай құю бекетінде алкогольді заңсыз сату фактілерін анықтады

Павлодарлық полицейлер жанармай құю бекетінде алкогольді заңсыз сату фактілерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Полицияның қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде және «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Ақсу қаласының учаскелік полиция инспекторлары жанармай құю станциясында алкоголь өнімін өткізу фактісін анықтаған. Айта кету керек, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жанармай құю станциясында алкогольді сатуға тыйым салынады.

26 тамыз сағат 22:00 шамасында рейдтік іс-шаралар барысында Ақсу қаласының полицейлері Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу фактісін анықтады. Астана көшесіндегі АЖҚС сатушысы алкоголь өнімдерін, атап айтқанда үш бөтелке сыраны сатқан.

Басқа жанармай құю станциясында кәмелетке толмаған адамға сыра мен темекі қорабын сату фактісі анықталған.

Аталған заң бұзушылық үшін АЖҚС иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабы 1-бөлігі (Он сегіз жасқа толмаған адамдардың темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сатуы) бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

– Алкоголь өнімін сатқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 282-бабы 12-бөлігі (Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу) бойынша жауапкершілік көзделген.

АЖҚС иесіне қатысты материалдар шешім қабылдау үшін аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасына жіберілді. Мұндай рейдтерді құқықтық тәртіп сақшылары үнемі жүргізіп отырады, – деп атап өтті Павлодар облысы Ақсу қаласы полиция бөлімінің бастығы Дулат Төкенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру