Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да бірнеше алаяқтыққа қатысы бар азамат темір торда жазасын өтеп жатыр

СҚО-да бірнеше алаяқтыққа қатысы бар азамат темір торда жазасын өтеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері адамдардан әр түрлі «көмекшілердің» ұсыныстарына келіспеуді сұрайды, олар белгіленген рәсімдерді айналып өту үшін белгілі бір құжаттарды алуға жәрдемдесуге уәде береді. Бұл заңсыз және жауапкершілікке әкеліп соғады.

2021 жылдың қазан айында Петропавл тұрғыны танысынан белгісіз адам ақшалай сыйақы үшін автомектепте оқымай-ақ көлік жүргізу құқығына куәлік беруге уәде беретінін естиді. «Көмекшімен» танысқаннан кейін әйел оған 120 мың теңге және жеке куәлігінің суретін берді — бұл құжаттарды рәсімдеу үшін қажет болды. Нәтижесінде ол ақшасынан айырылып қана қоймай, біраз уақыттан кейін оған 580 мың теңгеден астам сомаға несиелер ресімделгенін анықтады.

Сол айда тағы бір қала тұрғыны «көмекші» құрығына ілікті. Алаяқ оған салық төлеуден жалтару үшін автокөлікті жалған рәсімдеуге болатын адамға мұқтаж екенін айтты. Әйел көмектесуге келісті және алаяққа өзінің фотосуреттері мен жеке куәлігін тапсырды. Ол оның атына 200 мың теңгеден астам несие рәсімдеген.

– 2023 жылдың сәуірінде бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 35 жастағы азамат алаяқтықтың 3 эпизоды бойынша сотталды. Қазіргі уақытта ол 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатыр. Біз адамдардан өз құжаттарын ешкімге сеніп тапсырмауды және заңсыз операцияларға қатысу туралы ұсыныстардан аулақ болуды сұраймыз, – деді СҚО ПД тергеу басқармасының бастығы Қайрат Қасымбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру