Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде есірткі сатып жүрген азамат құрықталды

Алматыда арнайы іс-шара барысында түнгі клубтардың бірінде есірткі сатып жүрген азамат құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ойын-сауық мекемесінің аумағында синтетикалық мефедрон есірткісін сатып жүрген 27 жастағы ер адам ұсталды.

– Біздің бөлімшенің жедел қызметкерлері мен полицияның арнайы жасағы таңғы сағат үште арнайы іс-шара жүргізді. Күдікті қамауға алынды. Біздің мәліметіміз бойынша, түнгі клубқа келіп жүрген 27 жастағы Р.есімді азамат есірткі таратумен айналысқан, – деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов

Күдіктіні тінту барысында ашық-сұр түсті ұнтақ түріндегі синтетикалық заты бар бума табылды. Қоспа тәркіленіп, сот-химиялық сараптамаға жіберілді.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 297 бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тіркелген. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру