Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арнайы операция барысында ақмолалық тұрғыннан аса ірі көлемде гашиш табылды

Арнайы операция барысында ақмолалық тұрғыннан аса ірі көлемде гашиш табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының есірткіге қарсы полиция қызметкерлері «Қарасора – 2023» және «Канал – 2023» жедел профилактикалық іс-шаралары аясында есірткі затын ұстау және алып қою бойынша арнайы операция жүргізді. Арнайы бөлімшелердің күштерін тарта отырып, есірткі тасымалдаушыны Астана – Петропавл трассасының төлем терминалында ұстады.

28 жастағы Бурабай ауылының тұрғыны басқарған Lada Granta көлігін тінту кезінде құқық қорғау органдары жалпы салмағы 2 келі болатын гашиш есірткі заты салынған 2 полиэтилен пакетін тапты. Алғашқы тергеу әрекеттері кезінде тасымалдаушы есірткіні елордалық аудандардың бірінде сатып алғаны анықталды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде құқық қорғау органдары Ақмола өңірінің аумағына гашиштің түсу арнасын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр. Тергеу кезеңінде есірткіні сатушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру