Елордада жатақханалардың бірінен телефондарды қолды қылған азамат анықталды
Елордада жатақханалардың бірінен телефондарды қолды қылған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға елорда тұрғыны ұялы телефондарының жоғалу фактісі бойынша жүгінген. Алматы ауданы ПБ полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 28 жастағы азаматты анықтады.
Тергеу барысында, күндізгі уақытта ер адам Айнакөл көшесінде орналасқан жатақхананың бірінші қабатындағы бөтеннің үйіне кіргені анықталды. Үйдің терезесі ашық тұрғанын пайдаланған күдікті, ішке кіріп, ешкімнің жоқтығына көз жеткізген соң Samsung G-5 және Nonor X7A екі телефонды алып кеткен.
Жалпы келтірілген материалдық шығын 215 мыңнан асады. Кейін ұрланған телефондардың бірін белгісіз біреуге сатып жіберген, екіншісін өзі пайдаланған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, ер адам мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.