Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұланның 19 жастағы сарбазы күрестен әлем чемпионы атанды

Ұлттық ұланның 19 жастағы сарбазы күрестен әлем чемпионы атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16-24 қыркүйек аралығында Сербия астанасы Белградтағы «Штарк Арена» стадионында күрестен әлем чемпионаты қатарынан екінші рет өтіп жатыр.

Чемпионат бағдарламасында еркін, грек-рим және әйелдер күресінен жарыстар өтеді. 30-дан астам елдің қатысушылары күрестің әр түрінен он салмақ дәрежесінде медальға таласады. Турнир нәтижелері бойынша күрестің барлық үш түрі бойынша 18 олимпиадалық салмақ дәрежесінде бес спортшы 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін олимпиадалық лицензия алады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері медальдар мен Олимпиадаға лицензия алуға белсенді қатысады. Мәселен, Алматы қаласындағы Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің мерзімді әскерге шақыру бойынша қатардағы жауынгер Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Финалда ол әзірбайжандық спортшы Осман Нурмагомедовпен кездесті. Жекпе-жектің бірінші жартысы қарсыластың үлесіне 1:0 есебінде аяқталды. Үзілістен кейін Ризабек ұпайды 2:2 есебімен теңестіре алды. Жекпе-жекте Қазақстаннан келген ұландық сарбаз үлесіне 4-2 есебімен жеңіске жетті.

Біздің еліміз үшін бұл тарихи марапат болды, өйткені бұған дейін бірде-бір отандық еркін күрескер әлем чемпионы болған емес. Сонымен қатар 19 жаста чемпион атану да үлкен мақтаныш.

– Құттықтауларыңыз үшін көп рахмет! Бұл медаль менің және әкемнің қажырлы еңбегінің арқасында келді. Мен тоғыз жыл жаттығу жасадым. Енді әлем чемпионы атанғаныма сене алмай тұрмын. Туған жеріме, отбасыма оралғаннан кейін жақындарымның ортасында сезілетін шығар, – деп Ризабек алғашқы әсерлерімен бөлісті.

Қатардағы жауынгер Ризабек Айтмұхан Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылының тумасы. Осы жылдың жазында Алматы қаласында ҚР Ұлттық ұланының қатарына мерзімді әскери қызметке шақырылды.

Айта кетейік, ҚР Ұлттық ұланының спорт командасын даярлау орталығының спорт бойынша аға нұсқаушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азамат Дәулетбеков Қазақстан құрамасына осы әлем чемпионатында 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды. Ол оны Бахрейн өкілі Магомед Шариповпен керемет жекпе-жекте жеңіп алды.

Ұландық жекпе-жек барысында есепте төмен болды, бірақ соңғы секундтарда ол бар күш-жігерін салып, жеңіске жетті. Осылайша, Азамат 2022 жылғы Әлем чемпионатында Белградта тұғырдың үшінші сатысына көтеріліп үлгерді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру