Қызылорда облыстық ҚАЖД мекемелерінде жедел кеңес өткізілді
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 және №68 мекемелерінде жеке құрам қызметкерлеріне арнайы құралдарды қолдану және жемқорлықтың алдын алу бойынша жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел кеңеске ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға жедел уәкілі Нұржан Мектегенов, ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Жүніс Әбдіқайыров, Қызылорда облыстық прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының аға прокуроры Бауыржан Шакенов, ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Даурен Шарипбаев, ҚАЖД өзіндік қауіпсіздік тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Рахымжан Жамбылов және ҚАЖ департаментінің режим және қадағалау тобының жедел уәкілі Асылбек Ертай қатысты.
ҚАЖ департаментінің режим және қадағалау тобының жедел уәкілі Асылбек Ертай арнайы континентке қарсы дене күшін, арнайы құралдар мен атыс өзге де атыс құралдарын қолдану бойынша баяндама жасады.
Жиында Нұржан Сейілханұлы мекеме қызметкерлеріне арнайы контигентпен қызмет барысында қандай жағдайда арнайы құралдарды, атыс қаруын және өзге де қаруларды қолдану және тасымалды бейнетіркегіштерді қолдану, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыптарына тоқталып өтті.
– Өмірде жаза басып немесе қасақана оймен қылмысқа барған түзеу мекемесіндегі әртүрлі пиғылды адамдар контингентінің ортасында жүріп, олардың тәртібі мен іс-әрекетін қадағалай отырып, қызмет атқару оңай емес. Сондықтан қызмет барысында әрбір ҚАЖ қызметкері қызметтік тәртіпті, ҚР мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтап, қызмет бабында қолданыстағы заң аясында жұмыс жасау қажет, – деді Нұржан Сейілханұлы.
ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Даурен Сақтапбергенұлы әр адамның конституциялық құқықтарына және азаптауға жол бермеуге қатысты мәселелерді қозғады. Өз құқықтары мен сотталған азаматтардың да құқықтарын заң аясында сақтап, сотталғандар тарапынан құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда тек заң шеңберінде ғана шара қабылдау қажеттігін айтты.
Жиын соңында кадр саясаты тобының аға инспекторы М.Маханова жеке құрам арасында «Стресс, жеке құрам арасында психикалық өзін өзі реттеу» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Сонымен қатар, облыстық ҚАЖД-ға қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде де басшылық құрамның қатысуымен жедел кеңес өткізілді.
Кеңесте төрт сұрақ қарастырылды: «Арнайы контингентке қатысты дене күшін, арнайы құралдарды, атыс қаруын және өзге де қаруды қолдану алгоритмі», «Жеке құрам арасында жемқорлық және басқа да құқық бұзышылықтардың профилактикасы», «Стресс, жеке құрам арасындағы психикалық өзін-өзі реттеу. Суицидтің алдын-алу», «Алып жүретін бейнетіркегіштерді қолдану, ақпаратты алу және сақтау тәртібі» жайында баяндалды.
Күн тәртібінде қарастырылған сұрақтар бойынша ҚАЖ департаменті режим және қадағалау тобының жедел уәкілі Асыл Ертай мен кадр саясаты тобының аға инспектор-психологы Моншақ Маханова баяндама оқыды.
Тергеу мекемесінде өткізілген жедел кеңеске арнайы ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Ж.Әбдіқайыров, ҚР ҚАЖК өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға жедел уәкілі Н.Мектегенов, ҚАЖ департаменті өзіндік қауіпсіздік тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Р.Жамбылов пен №68 мекемесінің бастығы Қ.Ильясов , мекеме орынбасарлары мен жеке құрам қызметкерлері қатысты.
– Бүгінгі өткен жиында жеке құрам қызметкерлеріне жемқорлық және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, баяндамашылар түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қызмет барысында орын алатын келеңсіз жайттар болған жағдайда бейнетіркегіштерге түсіріп, сотталған мен айыпталған азаматтармен сыпайы сөйлесу мен заң бойынша жұмыс жасау айтылды. Қазіргі таңда елімізде болып жатқан соңғы жаңалықтарға байланысты мекеме жеке құрам қызметкерлері арасында жұмыс барысына жиналыстар өткізіліп, қызметтік түсіндірме жұмыстары әр күн сайын жүргізіліп отырады, – мекеме бастығы Қайырбек Ильясов.