Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстік Қазақстан полициясының бастығы университет студенттерімен кездесті

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов Манаш Қозыбаев атындағы университет студенттерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық полиция басшысы тәртіп сақшыларымен жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етіп, жолдардағы, қоғамдық орындардағы және ғаламтор желісіндегі қауіпсіздіктің негіздері туралы нақты ұсыныстар берді.

Жол қозғалысы ережелерін сақтау, буллингтер мен бопсалаушылықтардың алдын алу сияқты тақырыбындағы дәріске барлық факультеттерден 500-ден астам студент қатысып, қылмыс пен құқық бұзушылықтың құрбаны болмау туралы лекциялар тыңдады. Айдын Қабдұлдинов студенттердің назарын заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке аударды. Нашақорлық пен есірткінің тараты қоғамның маңызды мәселелері болып қала беретіні атап өтілді. Көбіне есірткі сатушылар жастарды есірткі жасырушы ретінде пайдаланады. Орташа алғанда, мұндай “бизнеске” қатысатын жасөспірімдерді полиция қызметкерлері 2-3 айда ұстайды. Есірткі айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады.

Бұл жолға адамның есірткі өндіру, жасыру, сатып алу мен сақтау сияқты әрекеттері арқылы есірткіге ие болуына әкелетін кез келген әрекет жатады. Мұндай қылмыс үшін жаза кісі өлтіргені үшін жазадан асып түседі. Есірткі айналымы үшін жаза 7 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді.

– Біздің елде есірткіні жарнамалау мен насихаттау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұған граффити жазуларын қолдану, хабарландырулар немесе QR кодтарын тарату, форумдарда немесе мессенджерлерде есірткі туралы оң пікірлері бар хабарламалар орналастыру жатады. Жаза 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Мессенджерлерде есірткі сайттары мен чаттарды әкімшілендіру ауырлататын жағдай болып табылатындықтан 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады, – деп атап өтті облыстық полиция бастығы.

Баяндаманың жеке бөлігі құмар ойындарға қатыспауға, ойындар мен ұтыстарға қаражат пен күш жұмсағанша, бос уақытты спортқа, ғылым мен отбасыға арнауға шақыруға арналды.

Кездесу соңында студенттердің сұрақтарына жауап бере отырып, Айдын Қабдұлдинов жоғарғы оқу орнының болашақ түлектерін ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу жағын қарастыруды ұсынды. Жұмыстағы ауыр жауапкершілік пен тұрақты емес жұмыс кестемен қатар полиция қызметінде тұрақты жалақыны және ерте зейнетке шығу сияқты бірқатар жеңілдіктермен қамтамасыз етелген.

Осы сияқты кездесулер ПД бастығының орынбасары жақын арада облыс орталығында және аудандарындағы оқу орындарының оқушыларымен өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру