Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында сотталғандарды жұмысқа орналастыру мәселесі қаралды

Ақмола облысында сотталғандарды жұмысқа орналастыру мәселесі қаралды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмолалық сотталғандарды жұмысқа орналастыру мәселесі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңдеу өнеркәсібі, білім беру және денсаулық сақтау салалық кеңестерінің форумында қарастырылды.

«Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында облыстың мемлекеттік құрылымдары мен жеке бизнес өкілдері кездесті. Өзара мүдделі диалогта денсаулық сақтау, білім беру, прокуратура, ҚАЖД, өрт бақылауы, «Еңбек-Көкшетау» РМК филиалының өкілдері өздерінің өзекті және проблемалық мәселелерін қарастырды.

Кездесудің күн тәртібінде айтылған мәселелердің бірі облыстың ҚАЖ мекемелерінде қамаудағылардың жұмыспен қамтылуын арттыру тақырыбы болды.

– Сотталғандарды жұмысқа орналастыру мәселесі қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің сотталғандарды қайта әлеуметтендірудің негізгі буындарының болып табылады. Бүгінгі таңда еңбекке қабілетті сотталғандардың жалпы санынан арнайы контингенттің 60%-ға жуығы ақылы еңбекпен қамтылды. Бұл көрсеткіш аз, жұмыс орындарын ұлғайту үшін бізге өндірістің жаңа түрлерін ашу қажет. Облыс мекемелерінің өнеркәсіптік аумақтарында жұмыс істемейтін өндірістік алаңдар бар, сондықтан осы іс-шараға қатыса отырып, жеке бизнес өкілдерін өзара тиімді диалогқа шақырамыз, – дейді ҚАЖД бастығының орынбасары Берік Бакулин.

«Еңбек-Көкшетау» РМК филиалының шығарылатын өнімінің толық баяндамасымен ҚАЖД сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы Анара Махамбетова сөз сөйледі. Тұсаукесер барысында өндірістің жаңа түрлерін ашу үшін ұсынылатын жағдайлар, арнайы контингент арасында арнайы алистердің болуы және кәсіпкерлерді қызықтырған басқа да мәселелер талқыланды.

Баяндамашыны толықтыра отырып, құрылыс өнеркәсібінің салалық кеңесімен жұмыс кездесуін өткізу және облыс кәсіпкерлерімен ҚАЖ мекемелерін аралауды ұйымдастыру ұсынысымен «Атамекен» ҮКП директоры Ерқанат Серікұлы сөз сөйледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру