Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауға келген өзге облыс тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі табылды

Атырауға келген өзге облыс тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қыркүйек күні Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу кезінде Жылыой ауданы Құлсары қаласы аумағында синтетикалық есірткіні аса ірі көлемде сақтаған деген күдікпен 20 жастағы БҚО-ның тұрғынын ұстады.

Тексеру жұмыстары кезінде 19 жастағы күдіктінің Құлсары қаласына 24 қыркүйекте келгені анықталды. Оның тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде бір зип-пакет, екі электронды таразы тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат 24.18 грамм болатын Альфа-pvp синтетикалық есірткісі екені белгілі болды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру