Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда жалған террорист “SOS” батырмасын пайдаланған

Петропавлда жалған террорист “SOS” батырмасын пайдаланған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қазан күні түскі сағат 13:40 шамасында Қазақстан Конституциясы және Казахстанская правда көшелерінің қиылысында тұрған “SOS” дабыл батырмасын басқан белгісіз ер азамат “102” пультіне қоңырау шалып, қаланы жарып жіберемін деп қорқытқан. Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел арнаға хабарласқан ер адамды тез арада ұстады. Ол Өскемен қаласының бұрын бірнеше мәрте сотталған 44 жастағы тұрғыны болып шықты.

Медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде болғанын көрсетті. Оның айтуынша, бұл әрекетіне өміріндегі жеке мәселелері себеп болған.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу барысында ер адамның осындай әрекетке неліктен барғаны анықталатын болады.

Полицейлер ескерткендей, жалған терроризм актілері құқық қорғау органдарының күштері мен құралдарын ауқымды түрде жұмылдыру арқылы осы ұйымдардың қалыпты жұмыс істеуін бұзады. Заңмен бұл үшін қатаң жауапкершілік қарастырылған.

ҚР ҚК-нің 273-бабы бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды не сол мөлшерде түзету жұмыстарына тартуды не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру