Абай облысының ПД бастығы жеке құраммен жедел кеңес өткізді
Абай облысы полиция департаментінің бастығы Бекторе Сұлтан 2023 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша жеке құрамның қатысуымен жедел кеңес өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ-нің өткен алқасында еліміздің ішкі істер органдары үшін басым міндеттер айқындалды. Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Ержан Сәденов өңірдегі балалар қылмысына, жол қауіпсіздігі мен есірткі қылмысына және киберқауіпсіздікке қарсы іс-қимыл мәселелеріне назар аударды.
Алға қойылған міндеттер Абай облысында қалай жүзеге асырылуда, қандай нәтижелерге қол жеткізілді – осы және басқа да мәселелер полиция департаментінде жедел кеңесте қаралу нысанасына айналды. Оған аумақтық полиция бөлімшелерінің басшылары, басқармалар мен дербес бөлімдердің бастықтары қатысты.
Абай облысы ПД бастығы Бекторе Сұлтан өңірде қылмыстың тұрақтылығы, оның ішінде қызметтің неғұрлым жауапты бағыттары бойынша байқалатынын атап өтті.
Абай облысының аумағында барлығы 3938 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Қабылданған шаралардың нәтижесінде кісі өлтіруді тіркеуді, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, зорлауды, ұрлықты, автокөліктерді айдап кетуді және бұзақылықты азайтуға қол жеткізілді.
Инновациялық технологиялар мен цифрлық сервистердің дамуы жағдайында жалпы саны 63,4% – ға (752-ден 1229-ға дейін) өскен киберқылмыс қаупі ерекше алаңдатады.
Киберқылмыс жасау тәсілдері әртүрлі. Қылмыскерлер алдын ала төлем түрінде ақша алуға, онлайн-несиелерді рәсімдеуге, банктік шоттарға, электрондық поштаға, әлеуметтік желілердегі аккаунттарға қол жеткізу үшін азаматтардың дербес деректерін иемденуге бағытталған әлеуметтік инженерия әдістерін пайдаланады.
Осыған байланысты, Абай облысында киберқылмысты, оның ішінде интернет-алаяқтықтарды ашу және тергеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған интернет-алаяқтықтарды ашу бойынша «Cyberpol» соққы-нысаналы тобының жұмысы ұйымдастырылды.
Сонымен қатар өңірде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта бүкіл әлемде дәстүрлі есірткілерді өндіру мен сатуда арзандығымен ерекшеленетін синтетикалық препараттардың ығыстырылуы байқалады.
Полиция қызметкерлері жыл басынан бері есірткі мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты 49 қылмысты тіркеді. Заңсыз айналымнан 206 келіден астам түрлі есірткі, оның ішінде 2 келіге жуық синтетикалық түрі тәркіленді.
Тәжірибе көрсеткендей, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылдың сәттілігі тек күш қолдану әдістеріне тәуелді емес, өйткені нашақорлық қоғамның барлық сегменттерінің, әртүрлі профильдегі және деңгейдегі мамандардың назарын талап ететін әлеуметтік мәселе.
Сондай-ақ өңірде жол қауіпсіздігі мәселелеріне, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалануға көп көңіл бөлінеді. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы бойынша Семей қаласында Сергек аппараттық-бағдарламалық кешенінің ведомствоаралық бірыңғай орталығы жұмыс істейді. Оның аясында тек облыс орталығында 1463 бейнекамера орнатылған, оның ішінде аулаларда, адамдар көп жиналатын орындарда 687 сыртқы бейнебақылау камерасы, 114 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешеніне орнатылған ЖЖЕ бұзушылықтарын анықтауға арналған 776 камера.
Департамент бастығының төрағалығымен тәртіп, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының жедел қызметінің жай-күйі туралы баяндамамен 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ПД бастығының орынбасарлары мен өзіндік қауіпсіздігі басқармасының бастығы сөз сөйледі.
Жедел-қызметтік жұмысын қорытындылай келе, Бекторе Сұлтан алдағы кезеңге арналған басым бағыттар мен нақты міндеттерді белгіледі.