Алматыда Республика күніне орай қызметте ерекше көзге түскен полиция қызметкерлері марапатталды
Алматы полициясының гарнизоны бүгінде алты мыңнан астам адамды құрайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызметінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген, өз ісінің кәсіби маманы деп саналған полиция қызметкерлері Республика күні мерекесіне орай марапатталды.
Ішкі істер министрінің және ПД бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін 170-тен астам полицей марапатталды.
– Әрбір полиция қызметкері қылмыс пен құқық бұзушылыққа қарсы күрестегі заңдылықты қатаң сақтауы қажеттігін есте ұстауы керек. Бұл біздің кәсіби парызымыз және оны сапалы деңгейде орындау баршамыз үшін абыройлы борыш. Біз қазір департаментке жүктелген міндеттерді орындай отырып, қаладағы тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастыруымыз керек. Бүгінгі күні осы мақсаттарға жету үшін бізде барлық қажетті жағдайлар мен мүмкіндіктер бар, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.
– Мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуының бүкіл тарихи жолы, өз өмірін заң мен халқына аянбай, адал қызмет етуге арнаған адамдардың тағдырымен, сіздермен, құрметті ардагерлер, үздіксіз байланысты. Баршаңызды ұлттық мерекемен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық бақыт, бақ-береке, бейбіт аспан және мемлекетіміздің гүлденуі жолындағы қиын да жауапты, бірақ абыройлы қызметте табыс тілеймін! – деді Арыстанғани Заппаров.