Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер қиыршық тас ұрлаған жұмысшыны ұстады

Елордалық полицейлер қиыршық тас ұрлаған жұмысшыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданы полиция басқармасының қызметкерлері Ақмола облысының тұрғынын анықтады. Мердігер ұйымның өкілі полицияға шағымданып, жол салып жатқан мекеменің жанынан қиыршық тастың үлкен көлемде қолды болғандығын айтқан.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері ұрының алыстан келмегендігін анықтады. Ол осы ұйымда қызмет атқаратын 37 жастағы азамат болып шықты. Күдікті жұмыс уақыты аяқталған соң барлығы үйлеріне кеткен мезетті пайдаланып, танысын шақырып, оның КамАЗ автокөлігіне қиыршық тас тиеген. Тасты Ақмола облысы Талапкер ауылына өзінің тұрғылықты үйіне дейін жеткізіп беруді өтінген. Жұмысшы өз ісін мойындады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру