Ақтөбе полициясы тұрғындардың ақшасын алаяқтықпен иемденген күдіктіні құрықтады
Ақтөбе полициясы тұрғындардың ақшасын алаяқтықпен иемденген күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаз айында 34 жастағы ақтөбелік әйел автоқұжаттарды рәсімдеуге көмек беретінін айтып, алаяқтықпен бірнеше қала тұрғынының ірі көлемдегі ақшасын иемденген.
Жәбірленушілердің барлығы күдіктіні ортақ танысы арқылы тапқан.
Әйел қала тұрғындарының бірнешеуіне жүргізуші куәлігін алуға көмек беретінін айтып, жалпы сомасы 1.380.000 теңге көлеміндегі ақшаны иеленсе, енді бірде шетелдік есептегі екі автокөлігін тіркеуге қоюға көмектесемін деп 38 жастағы ақтөбеліктен 940 мың теңге алған. Уәде еткен құжаттарды да, ақшаларын да қайтып ала алмаған тұрғындар қазан айында полицияға арызданды.
Алаяқтық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Криминалдық полиция қызметкерлерімен күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол кінәсін мойындады. Қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.