Жетісу облысында 8 ерлі-зайыпты ата-ана құқығынан айырылды
Жетісу облысында 8 ерлі-зайыпты ата-ана құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ювеналды полиция қызметкерлері қолайсыз санатына жататын отбасыларды бақылауды күшейтті. Өңірде кәмелетке толмағандарды тиісті деңгейде тәрбиелемеу және оларға күтім жасамау фактілерін анықтау бойынша рейдтер жандандырылып жатыр. Биыл 8 ерлі-зайыпты (олардың ішінде жалғызбасты аналар) ата-ана құқығынан айырылды.
– Ата-ана құқығынан айырылғандардың барлығы бұрын алкогольді асыра пайдаланғаны анықталып, профилактикалық есепке алынған. Бірнеше рет құқық бұзушылықтың қайталануына жол бергеннен кейін бұл мәселені ата-ана құқығынан айыру туралы шешім қабылдауға құқылы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия қарастырды, – деді облыстық ювеналды полицияның ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Аида Белгібаева.
Соңғы факт Талдықорғанда тіркелді, онда асырауында төрт баласы бар 47 жастағы әйел ата-ана құқығынан айырылды. Балалардың екеуі қазір облыстық балалар орталығының бірінде. Анасы өткен жылдан бастап професепте екендігі анықталды және полиция қызметкерлерінің бірнеше рет ескертуін елемей, алкогольді асыра пайдалануды жалғастырып, ата-ана мен бала күтімі талаптарын өрескел бұзған. Жалпы, жыл басынан бері өңірде кәмелетке толмағандарға қатысты 60 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, олардың 21-і жыныстық қол сұғылмаушылыққа байланысты.