Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер микроқаржылық кеңсеге қарақшылық жасаған күдіктіні құрықтады

Атыраулық полицейлер микроқаржылық кеңсеге қарақшылық жасаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қараша күні сағат 11:00 шамасында «102» операторына қалада орналасқан микроқаржы ұйымын тонады деп 40 жастағы әйел адам хабарлаған.

Жедел басқару орталығының қызметкерлері анықтау барысында Мұса Баймұханов көшесі тұсында медициналық маскамен кеңсеге кіріп, күдік тудырған ер адамды байқап, учаскелік полиция инспекторларына бағыттама берген. Полицейлер оқиға орнына жетіп, кеңсе қызметкерін үшкір затпен қорқытып, 341 мың теңгені алып, оқиға орнынан бой тасалаған ер адамды ізін суытпай ұстады.

Қазіргі таңда 40 жастағы ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 4-тармағы (Қарақшылық) бойынша тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-тің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру