Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында Қызыл кітапқа енген ағашты кескен ауыл тұрғындары анықталды

Ақтөбе облысында Қызыл кітапқа енген ағашты кескен ауыл тұрғындары анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қарашада «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Мәртөк ауданы полиция бөлімінің және полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері осы ауданның Хазірет ауылына жақын жерде ағаш тиеп келе жатқан екі тракторды тоқтатты.

Көлік тізгінінде 53 және 56 жастағы ауыл тұрғындары болды. Тексеру барысында тракторлардың тіркемесіне тиелген талдың жартысы Қызыл кітапқа енген қара ольха сирек кездесетін ағашы екені анықталды. Жүргізушілердің айтуынша, бұл ағаштарды олар жақын аумақтан кесіп алып, отынға пайдаланбақ болған.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті барлық тұрғындарды қоршаған ортаға, табиғат байлықтарына ұқыпты, жауапты қарауға шақырады және өсімдіктер мен жануарлар дүниесін заңсыз пайдалану үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру