Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жарықтың сөнгенін пайдаланған елордалық азамат бизнес орталықтың қоймасына ұрлыққа түскен

Жарықтың сөнгенін пайдаланған елордалық азамат бизнес орталықтың қоймасына ұрлыққа түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бизнес орталық қоймасының аумағынан ылғал желден қорғайтын матаның бес орамы ұрланған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Байқоңыр ауданының полицейлері ЖШС бұрынғы күзетшісінің аталған ұрлыққа қатысы барын анықтады. 48 жастағы қызметкер жарықтың сөнуін пайдаланып, қоймаға кіріп, ТМҚ-ны алып шығып, 200 мыңнан астам теңгеге шығын келтіргені анықталды. Кейіннен ол ұрланған орамдарды басқа қалаға жіберген.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру