Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу студенттеріне есірткі қылмысы және нашақорлықтың салдары тақырыбындағы бейнекадрлар көрсетілді

Жетісу студенттеріне есірткі қылмысы және нашақорлықтың салдары тақырыбындағы бейнекадрлар көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында полицейлер жастарға есірткі қылмысы, нашақорлық және олардың салдары тақырыбында түрлі бейнероликтер мен қысқаметражды фильмдер көрсетті. 

– Біз жас ерекшелігін ескереміз, яғни бейнероликтердің кейіпкерлері тыңдаушылардың қатарластары. Есірткі сатушылар интернеттегі әртүрлі сайттарды пайдаланады, олардың кейбіреулері біздің елде бұғатталған, сонымен қатар телеграм-арналарды қолданады. Негізінен есірткі бизнесіне жас жігіттер мен қыздар тартылады, олар көбінесе курьер болып жұмыс істеу және аптасына 200 мың теңгеге дейін ақша табу деген қызықты ұсынысқа келіседі. Олардың көпшілігі өздерінің “жұмысы” үшін он жыл мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін толық түсінбейді, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы.

Кездесу соңында барлық студенттерге есірткіге қарсы тақырыпта ақпараттық кітапшалар таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру