Астаналық азамат құрылыс нысанынан 40 тонналық екі контейнер ұрлаған
Астаналық азамат құрылыс нысанынан 40 тонналық екі контейнер ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласында контейнерді ұрлаған жігіт ұсталды. Есіл ауданының полиция басқармасының қызметкерлері құрылыс нысанынан 40 тонналық екі контейнер ұрлаған елорда тұрғынын әшкереледі.
– Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 32 жастағы қала тұрғынын анықтады. Полицияға жеткізілгеннен кейін, ұсталған адам мойындау көрсетпелерін берді.
Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Абшекенов.
Ол өзінің қылмыстық жоспарын алдын-ала құрған. Эвакуатор жалдап, құрылыс нысанынан алып шыққан соң, мүлікті сатып жіберген.
Құрылыс нысанына келтірілген шығын 5 млн теңгені құрады. Айта кетейік, тәжірибелі тәртіп сақшыларына кінәліні әшкерелеу үшін бір күн ғана қажет болды.