Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы құрылыс нысандарында шетелдік жұмыс күші анықталды

Алматыдағы құрылыс нысандарында шетелдік жұмыс күші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Құқықтық тәртіп» кең ауқымды іс-шарасы барысында Алматы полициясы шетелдіктердің Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын сақтауын тексеру мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Шетел азаматтары шоғырланған жерлерге назар аударылды: құрылыс нысандары, қоғамдық тамақтану орындары, базарлар, хостелдер және т.б.

Іс-шараның бірінші күнінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 79 шетелдік: Өзбекстаннан – 45, Түркиядан – 5, Нигериядан – 3 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ПД-нің қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 59 шетел азаматы орналастырылды.

Сондай-ақ шетелдіктерді қабылдаған 18 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру