Өскеменде полицейлер есірткіге мас күйінде автокөлік басқарған жүргізушіні ұстады
Өскеменде полицейлер есірткіге мас күйінде автокөлік басқарған жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Өскемен қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Сәтпаев даңғылында жол ережесін бұзғаны үшін ВАЗ-21144 автокөлігін тоқтатқан.
Құжаттарды тексеру кезінде 37 жастағы жүргізушінің жағдайы полицейлердің күдігін тудырды. Сол кезде ер адамды медициналық тексеруге жіберу туралы шешім қабылданады. Жүргізілген сараптама құқық бұзушының көлікті есірткі пайдаланып басқарғанын көрсетті.
Жол қозғалысы ережесін бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал шешім қабылдау үшін қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.
Өскемен қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері автокөлік жүргізушілерін белгіленген жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік жүргізбеуге шақырады.