Алматылық азамат порнографиялық материалдарды таратқаны үшін айыпталуда
Алматылық азамат порнографиялық материалдарды таратқаны үшін айыпталуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті танымал әлеуметтік желілерде жариялаған видеоға қатысушылардың бірі полицияға арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оны қорқытып, үнемі аңдып жүрген.
– «Cyberpol» қызметкерлері «Hi Tech» жедел алдын алу іс-шарасы барысында интернетте порнографиялық материалдарды таратқаны үшін 1985 жылы туған В.есімді азаматты ұстады. Одан рұқсат етілген тінту барысында порнографиялық бейнематериалдар мен бейнежазбалары бар қатты дискілер анықталды. Заттай айғақтар тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 311-бабы және ҚР ҚК-нің 147-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тәркелген қылмыстық іс материалдарына қосылды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.