Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД мекемесінде Жол картасын іске асыру аясында іс-шара өтті
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД мекемесінде Жол картасын іске асыру аясында іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №57 мекемесінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру аясында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік кешке Берік Құрақбаев, Қазақстанның 3 дүркін жеңімпазы, Семей қаласы мәслихатының депутаты Дәурен Нұралимов, “Қазақстан Барысы – 2018” турнирінің жеңімпазы Мақсат Қиқымов, мекеме жанындағы кәсіптік-техникалық колледж оқытушысы Светлана Жапарова арнайы қонақ ретінде шақырылды.
Сондай-ақ 90-жылдардың хитмені атанған әнші Парвиз Назаров өзінің концерттік бағдарламасын ұсынып, сотталғандар алдында өнер көрсетті.
Кездесу кезінде Қазақстан спортының жеңімпаздары сотталғандармен сұхбаттасып, оларға дене шынықтырып, денсаулықтарын күтуді насихаттады.