Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының бас полицейі студенттермен кездесті

З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллиннің студенттермен кездесуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талқылау тақырыбы жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу болды. Ведомство бастығы жастар арасындағы ең өзекті, нашақорлық, интернет-алаяқтық, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы, қорқыту, лудомания және сватинг туралы айтты.

Өз сөзінде ол тыңдаушыларды аймақтағы криминогендік жағдайдың жай-күйі туралы хабардар етті. 11 айдың қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар саны 3,8%-ға өскенін атап өтті.

– Егер сіз өз құрдастарыңызды қорлағаныңызға куә болсаңыз, шетте қалмаңыз. Мұнда берік азаматтық ұстаным көрсетіп, жәбірленушіге көмек көрсету қажет. Тығырықтан шығар жолды әрқашан табуға болады! Бұл ақпаратты ата-аналармен, кураторлармен, полициямен бөлісіңіз немесе сенім телефоны «150» нөміріне қоңырау шалыңыз, – деді Ерлан Файзуллин.

ПД бастығы NEET жастар ұғымы туралы да айтты, олардың саны жыл сайын артып келеді.
«Qolzhan» еріктілер қозғалысының қызметі атап өтілді, оның мүшелері осы ЖОО студенттері.

– Синтетикалық есірткінің зияны туралы психолог-нарколог Гүлсім Бисімбаева айтып берді. 25 жасқа дейінгі адамда орталық жүйке жүйесі қалыптасады. Егер ол есірткіні ерте жастан қолдана бастаса, онда тәуелділіктен арылу мүмкіндігі нөлге дейін азаяды, – деп атап өтті Гүлсім Бисімбаева.

Шара соңында университет ректоры Қостанай облысы полиция департаментіне алғысын айтып, осындай кездесулерді болашақта да ұйымдастыруға ниет білдірді. Іс-шара барысында полицейлер оқушыларға интернет-алаяқтықтың алдын алу туралы жадынамалар табыс етіп, әлеуметтік видео ролик көрсетті.

ҚӘТУ үш жүзден астам студенті мен оқытушылары Қостанай облысының бас полицейінің нұсқауларын тыңдап, қызықтырған сұрақтарын қойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру