Жетісу облысының полицейлері тыйым салынған діни ұйымның жақтаушысы үйінен есірткі тәркіледі
Жетісу облысының полицейлері тыйым салынған діни ұйымның жақтаушысы үйінен есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу полицейлері облыстық ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп Сарқан ауданының 45 жастағы тұрғынын ұстады. Ұсталған ауыл тұрғынының мекен-жайы бойынша санкцияланған тінту өткізу кезінде полицейлер 13 қап марихуана тапты.
– Біз ер адамның Қазақстан аумағында тыйым салынған діни ұйымның жақтаушысы екенін білеміз. Осыған байланысты, жедел іс-шаралар облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілді.
Қазіргі уақытта есірткіні заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – дейді Жетісу облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасында.