Биыл Алматыда мас күйде көлік басқарған 1800-ден астам жүргізуші ұсталды
Биыл Алматыда мас күйде көлік басқарған 1800-ден астам жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл мәліметтерді жергілікті полиция қызметі 11 айдың қорытындысын шығара отырып, ұсынады.
– Жыл басынан бері 1866741 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. Көлікті мас күйде басқарған 1843 жүргізуші ұсталды. Сот 2443 жүргізушіні көлік құралын басқару құқығынан айырды. 1754 көлік жүргізушісі әкімшілік қамауға алынды. Рульде мас адам – қылмыскер. Бұл аксиома, өкінішке қарай, көп жағдайда адам өлімімен және көптеген отбасылардың қайғысымен байланысты. Естеріңізге сала кетейін, заңда көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жаза қатайтылды. Бірінші рет болса көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі 7 жыл. Сонымен қатар, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Серік Шумаев.
Сонымен қатар жергілікті полиция қызметінде, қала жолдарында жыл басынан бері 3195 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 3415 адам зардап шегіп, тағы 94 адам қаза тапқанын хабарлады.