Биыл Алматыға 97 мыңнан астам шетелдік келді
Биыл Алматыға 97 мыңнан астам шетелдік келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қалалық ПД көші-қон қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері қалаға 97 319 шетел азаматы келген. Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 10 977 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 1331 шетел азаматы елден шығарылды.
Шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзған 176 жұмыс берушіге әкімшілік шара қолданылды.