Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұландықтар шаруашылық құрылысынан шыққан өртті сөндірді

Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің өрт есебі шаруашылық құрылысынан шыққан өртті сөндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 23 желтоқсан сағат 14.40-та болды. Кезекші бөлімге Қаракемер кентінде тұратын келісімшарт бойынша әскери қызметшісі Алексей Мешковтан өртті сөндіруге қатысты қоңырау келіп түсті. Бұл сәтте өрттің жалыны сарайдан тұрғын үйге таралу қаупі басым еді.

Дінмұхамед Данибаев бастаған 5 адамнан тұратын өрт сөндіру көлігі мен өрт сөндіру есебі өртенген шаруашылық құрылысына қарай бірден шықты.

– Біз бұл жерге жеткенде, өрт таралмас үшін бірден өрт болған жерді және оған іргелес аумақты сөндіре бастадық. Мүлік пен заттарды алып шығу, сондай-ақ оқиға орнын қоршау ұйымдастырылды, – деді Дінмұхамед Данибаев.

Өрт сөндірушілер келгеннен кейін өрт толығымен тоқтатылды. Зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру