Өткен жылы Қостанай облысында полицейлер үйсіз жүрген 115 адамға көмек көрсетті
Өткен жылы Қостанай облысында полицейлер үйсіз жүрген 115 адамға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
80-ге жуық адам бейімдеу және оңалту орталығына жіберілді. 25 адамға құжаттандыруға көмек көрсетілді, 7 адам медициналық мекемелерге емделуге орналастырылды. Қазіргі уақытта қабылдап-тарату орнындағы 53 жастағы Виктордың айтуынша, ол бірнеше жыл бұрын құжаттарын жоғалтқан, сондықтан жұмысқа тұруға мүмкіндігі жоқ. Туыстары болмағандықтан, көшеде тұруға мәжбүр.
Қабылдау-тарату орнында белгілі бір тұрғылықты жері мен құжаттары жоқ адамдар ұсталады. Олар құқық бұзушылықтың алдын алу және жеке басын анықтау үшін жеткізіледі.
Қостанай қаласы ПБ қабылдау-тарату мекемесінің бастығы Нұрғалиев Әлібек мұнда өткен жылы құжаттары жоқ 190-ға жуық үйсіз адам орналастырылғанын атап өтті. Адамдар бұл мекемеге 30 тәулікке дейін ұсталады.
Қыста белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар жылу трассасының құбырларында, қараусыз қалған немесе жертөле, үй-жайларында жылынады. Күн сайын полицейлер 10-15 шақты үйсіз адамдарды анықтайды және олар тоңып қалмас үшін ІІО-ның жоғарыда аталған үй-жайына жеткізеді.