Алматы облысының полицейлері іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады
Алматы облысының полицейлері іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұсталған адам – Өзбекстан Республикасы Наманган қаласының 54 жастағы тумасы. Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 168-бабының 4-бөлігі бойынша ауыр қылмыс жасағаны, яғни алаяқтық үшін Өзбекстан еліндегі әріптестермен іздеу салынған.
– Айта кету керек, Алматы облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері көрші елдің құқық қорғау органдары іздеген 1969 жылғы азаматты ұстады. Қазіргі уақытта іздеудегі адам өз елінің құқық қорғау органдарына табысталғанға дейін Қарасай аудандық ПБ УҰИ-ға қамауға алынды, – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.