Өскемен полицейлері көлік ұрлаған адамды бейнебақылау камерасы арқылы ұстады
Өскемен полицейлері көлік ұрлаған адамды бейнебақылау камерасы арқылы ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс орталығының полициясына қала тұрғыны оның ТҚС-ға жөндеу үшін қалдырған Suzuki автокөлігі ұрланғаны туралы жүгінген.
Белгілі болғандай, күдікті алысқа кетіп үлгермеген, ол бейнебақылау камерасына түсіп қалған, соның арқасында оны полиция қызметкерлері тоқтатқан. Көлікті айдап әкетуші 29 жастағы көлік жөндеуші болғаны анықталды және ол мас күйде болған.
Ер адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Автокөлікті ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды, ал жүргізушіге қатысты көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Бейнебақылау камералары қылмыстарды «ізін суытпай» ашуда және құқық бұзушылықтардың алдын алуда үлкен көмек көрсететінін айта кеткен жөн. 2023 жылы бейнебақылау арқылы 141 қылмыс, оның ішінде 12 тонау, 10 бұзақылық, 51 ұрлық және 18 айдап әкету қылмысы және жыл басынан бері 4 қылмыс ашылды.