Шымкент тұрғындары балабақшаға жұмысқа орналасу үшін алаяққа 12 млн теңге берген
Шымкент тұрғындары балабақшаға жұмысқа орналасу үшін алаяққа 12 млн теңге берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші АПБ-ға алаяқтық туралы арызбен үш азаматша жүгінді. Жәбірленушілердің айтуынша, бейтаныс әйел оларды балабақшаға тәрбиеші етіп жұмысқа орналастыруға уәде берген. Күдікті бұл қызметі үшін сенгіш әйелдердің әрқайсысынан қомақты ақша алған. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 12 миллион теңге.
Аталған жайт бойынша полицейлер тергеуді бастады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.
Қазіргі таңда, әйел қамауда отыр.
Полиция департаменті азаматтарға алаяқтардың айласына түспеуді, бейтаныс адамдарға сенбеуді және ақша аудармауды, тек тиісті мекемелерден қызмет алуды ескертеді.