Павлодар облысында цифрлық жүйелер арқылы 21 млн теңгеге ЖҚЕ бұзу тіркелді
Павлодар облысында цифрлық жүйелер арқылы шамамен 21 млн теңгеге жол қозғалысы ережелерін бұзу тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол жүру қауіпсіздігі мақсатында Павлодар қаласында жол қозғалысын бақылаудың «Оракул», «Кибер-шериф», «ZEREK-2» зияткерлік жүйелері жұмыс істейді, оларды енгізу өзінің оң нәтижелерін береді. Бұл жүйелерді орнату орындарында жол-көлік оқиғаларының саны азайды. Сонымен қатар жүйенің жұмысындағы «адам факторын» алып тастау жазаның сөзсіз болуына ықпал етеді. Павлодар облысында цифрлық жүйелер арқылы шамамен 21 млн теңге сомасында жүру ережелерін бұзу тіркелді.
– Бүгінгі таңда бұл жүйелерде 1519-дан астам жол жүру ережелерін бұзудың фактісі анықталды. Автомобиль қозғалысының маңызды параметрі – жылдамдық, оны дұрыс таңдай алмау жол-көлік оқиғаларына әкеледі. Көлік құралдарының соқтығысуы мен аударылуы салдарынан ЖКО-дан зардап шеккендердің жалпы санының 50%-дан астамы қаза табады, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Борис Әлімбаев.
«ZEREK-2» аппараттық-бағдарламалық кешені көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын автоматты режимде өлшеуге, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін көруге арналған. Сондай-ақ «Кибер-шериф» кешендері жол жүру ережелерін бұзатын автокөлік құралдарын фотоға түсіреді және бейнеге жазады, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу белгілерін жазып алады және іздеу базалары бойынша объектілерді автоматты түрде тексереді, бұдан әрі инспекторға хабарлайды.
Мысалы, аппараттық жүйелерде ВАЗ-2114 автокөлігінің жүргізушісі өзі жасаған алты әкімшілік құқық бұзушылық үшін жалпы сомасы 1 млн 300 мың теңгеге айыппұл төлемеген. Автокөлік айыппұл тұрағына қамалды және айыппұлдар толық өтелгеннен кейін ғана иесіне қайтарылады.