Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер синтетикалық есірткі жасырушыны ұстады

Павлодарда полицейлер синтетикалық есірткі жасырушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлер синтетикалық есірткіні заңсыз таратқан деген күдікпен Павлодар қаласының тұрғынын ұстады.

– 38 жастағы жұмыс істемейтін жергілікті тұрғын есірткіні қашықтан сатуға тырысқаны анықталды. Қызметкерлер ол өзімен бірге алып жүрген пластикалық контейнерлер мен психотроптық зат салынған пакеттерді тапты. Тұрғылықты жері бойынша тағы 43 зат салынған пакет, электронды таразы, көптеген бос полимерлі пакеттер, компьютер мен телефон тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат синтетикалық болып шыққан, жалпы салмағы 40 грамнан асатын есірткі аса ірі мөлшерге жатады, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Нәтижесінде заңсыз бизнестің схемасы белгіленді. “Курьер” деп аталатын интернет-мессенджерлерде хат алмасу арқылы куратордан есірткінің ірі партияларын жеткізу бойынша нұсқаулар алған. Кейін күдікті есірткіні жасырын қоймаларға қойып, одан кейін оларды есірткіге тәуелділер алып кеткен. Есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Күдікті қамауда.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру