Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық полицейлер тұрғынның көлігін өртеген күдіктілерді қолға түсірді

Алматылық полицейлер тұрғынның көлігін өртеген күдіктілерді қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 32 және 38 жастағы екі Әзірбайжан азаматын ұстады. Олар түнде көпқабатты үйлердің бірінің ауласында көліктің терезесін сындырып, ішіне бензин құйып, өртеп жіберген.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

– Қылмыс «ізін суытпай» ашылды. Күдіктілер Алматыдан қашып кетпек болды. Күдіктілердің көлік иесімен таныс екені белгілі болды. Олардың айтуынша, әйел уәдесін орындамаған, сол себепті шетелдіктер одан кек алғысы келген. Өрт қоюдың шынайы себебін тергеу анықтайтын болады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Жақыпбаев.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру