Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында рейдтік іс-шаралар барысында 164 құқық бұзушылық анықталды

Қарағанды облысында өткізілген «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 164 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысында балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдерге қарсы жасалатын қылмысты болдырмау мақсатында «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Аталған шараға полиция қызметкерлерімен қоса, білім, денсаулық басқармалары, жергілікті атқарушы билік өкілдері және үкіметтік емес ұйымның өкілдері қатысты.

Бірлескен рейдтік іс-шаралар барысында 164 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Мәселен, іс-шара кезінде 118 дерек жасөспірімдердің түнгі көңіл көтеретін орындарда заңды өкілдерінсіз жүруі, 32 дерек жасөспірімдердің тәрбиесіне және оқуына салғырт қарауы бойынша. Полиция қызметкерлерімен ішкі істер органдарына 123 кәмелеттік жасқа толмағандар жеткізілсе, оның 99 түнгілік уақытта.

Мысалы, Қарағанды қалалық полиция басқармасы, Михайлов полиция бөлімінің қызметкерлерімен түнгілік уақытта көшеде заңды өкілінсіз жүрген кәмелеттік жасқа толмаған баланың 43 жастағы анасына хаттама толтырылса, Киров полиция бөлімінің қызметкерлерімен түнгі уақытта бейсауат жүрген 17 жастағы баланың 51 жастағы ата-анасы жауапкершілікке тартылды.

Іс-шара барысында құқық бұзушылыққа жол бергендердің барлығымен профилактикалық әңгіме жүргізілсе, ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру