Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық ҚАЖД басшылығы азаматтарды қабылдады

Елордалық ҚАЖД басшылығы азаматтарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана ҚАЖД бастамасымен департамент басшылығы Астана қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасының, қоғамдық-бақылау комиссиясының, ұлттық алдын алу тетігінің қызметкерлері, Астана қаласы «Достық» алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы ШЖҚ МКК директорын тарта отырып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Азаматтар негізінен қылмыстық іс бойынша, медициналық қамтамасыз ету бойынша, тұрғылықты жері бойынша айдауылдау, туыстарын мекеменің шаруашылық қызмет жасағында қалдыру мәселесі бойынша өтініш білдірді.

ҚАЖД басшылығы елорданың тергеу изоляторында отырған азаматтардың туыстарының сұрақтарын тыңдап, мекеме басшылығына нақты тапсырмалар берді, сондай-ақ көтерілген мәселелерді шешу жеке бақылауға алынатынына сендірді.

– «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде ҚАЖД басшылығы мен қызметтері басқа мемлекеттік органдарды, құқық қорғау ұйымдарын тарта отырып, азаматтарды тұрақты түрде қабылдап отырады. Мұндай әдістер азаматтардын проблеммаларын естуге және олар бойынша дереу шаралар қабылдауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Рысбек Тұрғымбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру