Ақтөбеде магистратураға түсуге көмектесемін деп жалған уәде берген әдіскер ұсталды
Ақтөбеде магистратураға түсуге көмектесемін деп жалған уәде берген әдіскер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға облыстың бірнеше тұрғыны белгісіз әйелге алданғаны туралы арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті өзі әдіскер болып жұмыс істейтін Ақтөбедегі жоғары оқу орнына магистратураға түсуге көмектесуге уәде беріп, олардан белгілі бір сомаға ақша алған, алайда уәдесін орындамаған. Қазіргі уақытта күдіктіге 300 мыңнан 1 млн теңгеге дейінгі сомада ақша берген 11 жәбірленуші анықталды.
Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті жоғары оқу орындарының магистратурасына оқуға түсу конкурстық негізде жүргізілетінін, ал ақшалай сыйақыға түсу заңсыз болып табылатынын еске салады.