ШҚО тұрғынынан 5 келіге жуық кептірілген марихуана тәркіленді
ШҚО тұрғыны спецификалық ерекше иісі бар 10 банкадан астам “тұздама” дайындаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан полицейлері марихуананың мыңнан астам дозасын тәркіледі.
Жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу кезінде тәртіп сақшылары есірткі сатумен айналысқан облыс тұрғынын анықтады, оның үйін тінту барысында салмағы 5 келіге жуық кептірілген марихуана табылып, тәркіленді .
Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, сақтау және өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.