Жамбыл облысы ПД басшылығы аудандарда азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы ПД басшылығы аудандарда азаматтарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы ПД бастығы Арманбек Баймурзиннің тапсырмасымен полиция департаменті басшылығының шалғайдағы ауыл тұрғындарымен кездесулері жалғасуда. Бұл жолы Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев азаматтарды қабылдауды Шу ауданында өткізді.
Шу ауданының тұрғындарының арыз-шағымдары бөтеннің мүлкін ұрлау, қылмыстық істерді тергеу барысы, оларды созбалаңға салу деректеріне және Шу АПБ қызметкерлеріне қатысты болды. Осы және басқа да жүйелі мәселелерді шешу бойынша сұрақтар Шу аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен өткен кеңесте де талқыланды. Әр өтініш бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Кеңес барысында Шу ауданы бойынша 2023 жылғы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындылары шығарылды. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу нәтижесінде 2023 жылдың 12 айында құқық бұзушылықтар саны 2022 жылмен салыстырғанда – 9,5%-ға төмендеген.
Президенттің тапсырмасы аясында 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап полиция өтініш берушіден тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеуді анықтау сипатына көшкен болатын. Бұл тұрғыда отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 192 адамға қатысты қорғау нсұқамасы шығарылды, 64 құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді. Учаскелік полиция инспекторларымен 12 адам маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберілді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 229 рейдтік шаралар нәтижесінде полиция бөлімдеріне 861 жасөспірім жеткізілді. Кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінсіз жүргені үшін 660 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 4 жасөспірім арнайы мектепте оқиды, 2 ата-ана өз құқықтарынан айырылды.
Барлығы 6455 (2022 ж.- 4443) жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері анықталды. Полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізген 62 жүргізушіні ұстады. Олардың барлығы 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған.